RU

Үкімет Қазақстанның мемлекеттік қарызының өсу себебін түсіндірді

Ақша 65465
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Экономикалық мәселелер жөніндегі вице-премьер Әлихан Смаилов Қазақстанның мемлекеттік қарызы не себепті өсіп жатқанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарады.

Аталған құжатты талқылау барысында Дания Еспаева әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қарыздың өсімі ЖІӨ-нің 30,3 пайзына дейін, ал 2022 жылы 30,5 пайзына дейін өсуі мүмкін екенін мәлім етті.

2025 жылы үкіметтің қарызы 2019 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 25 трлн 692 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.

Үкіметтің бағалауынша, мемлекеттік қарыз биылдың өзінде ЖІӨ-нің 29,2 пайзын құрайды. Бұл бюджет саясаты тұжырымдамасында белгіленген лимиттен 27 пайызға көп.

"Депутаттар мемлекеттік қарыз мәселесін бірнеше рет көтерген. Алайда, көріп тұрғанымыздай, қайтадан барлық лимиттер бұзылған. Бұл жағдайды өзгерту үшін қандай шаралар қабылдайсыздар?" – деп сұрады Еспаева қаржы министрінен.

Өз кезегінде Ерұлан Жамаубаев депутаттарды мемлекеттік қарыздың жеткілікті қауіпсіз деңгейде тұрғанына сендірді.

"Біз күнделікті мониторинг жүргіземіз. Қазір жағдайдың нашарлап, тапшылықтың шамалы өскені түсінікті. Бірақ ары қарай республикалық бюджет жобасында 2023 жылға қарай 2,1 пайызға дейін қысқарту қарастырылған.
Біз сондай-ақ қарызды рейтинг бойынша ұқсас өзге елдердің қарызымен салыстырып отырмыз. Мысалы, Түркияда мемлекеттік қарыз көрсеткіші ЖІӨ-нің 40 пайзын құрайды. Мексикада – 55%, Индонезияда – 37%", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар, үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смаилов та мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейде екенін жеткізді. Айтуынша, 27% – бұл өзіміз бекіткен ішкі лимит. Ал жалпы халықаралық ұйымдар ЖІӨ-нің 50 пайызына дейін лимит бекітеді.

Бұдан бөлек, вице-премьер көптеген елдерде коронавирус пандемиясына байланысты туындаған дағдарыс жағдайында аталған лимиттің өсіп жатқанын алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейінг Қазақстан президенті "Шеврон" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдағанын жазғанбыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы мұнай және газ индустриясына кері әсері етіп, мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе теңдікті бұзғанын және оның бағасын төмендеткенін атап өтті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындауға қатысты үндеу жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880766-kimet-kazakstanny-memlekettik-karyzyny-su-sebebin-tsindirdi/