Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медициналық білімі жоқ: ДСМ жаңадан тағайындалған вице-министр жайлы айтты

Опубликовано:

Әсем Нүсіпова
Әсем Нүсіпова. Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ОКҚ өткен онлайн-брифингте ДСМ вице-министрі Әсем Нүсіпованың тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер медициналық білімі жоқ Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау министрлігінде не істемек деген сауал қойды. Өз кезегінде Шоранов жаңа вице-министр қаржылық мәселелермен айналысатынын айтты.

"Шын мәнісінде, Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде ТМККК және МӘМС-тің 1,5 триллион теңгеге жуық қаражатын басқарады. Бұл біздің қаржы қызметі мен департаменттерінің үлкен жұмысы.
Әсем Нүсіпованың экономист және қаржыгер ретіндегі тәжірибесін ескере отырып, ол қаржы блогы мәселелерімен айналысатын болады. Сонымен бірге Денсаулық сақату министрлігі ең үлкен бюджеттердің бірі екенін тағы бір айтқым келеді. Тиісінше, бұл жұмысқа үлкен әрі мұқият назар аудару қажет", - деді Шоранов.

Еске сала кетсек, 21 қазанда Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Ал бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нүсіпованы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатқан еді.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалып жатқанын хабарлаған едік.

Алексей Цойдың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде коронавирустың мүмкін болған екінші толқынына дайындық мақсатында қоймаларда екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880801-medicinalyk-bilimi-zok-dsm-zaadan-tagajyndalgan-vice-ministr-zajly-ajtty/

pixel