Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Жыл сайын мыңдаған қазақстандық еңбек мигранты атануда

Опубликовано:

Еңбек мигранты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында еңбек көші-қоны мәселесін егжей-тегжейлі зерттеудің маңыздылығына тоқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент еңбек көші-қоны мәселесінің өзектілігіне тоқталып, оны "елемей кетуге болмайтынын" атап өтті. Себебі, жыл сайын мыңдаған қазақстандық шетелге жұмыс іздеп кетіп жатыр екен.

"Біздің азаматтар еңбек мигранттары атанып жатыр. Олар шетелде тек жоғары біліктілік талап етілетін жерлерде ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүр. Ол жерде олар өз елінде жасауға келіспейтін жұмыстарды да істеуге дайын. Одан бөлек, мұндай жағдайларда, әдетте еңбек қатынастары ресми түрде реттелмей жатады. Бірқатар елдерде қазақстандық заңсыз жұмыс істейді. Бұл жағдай тіркеуге байланысты қиындықтар туындағанын, біздің азаматтарымыз күнделікті кездесетін тұрмыстық қиындықтарға тап болғанын білдіреді. Бұл пандемия кезінде айқын байқалуда", - деді мемлекет басшысы.

Алайда, президенттің пікірінше, қазіргі әлемде еңбек көші-қоны ғаламдық сипатқа ие және оны ерекше жағымсыз құбылыс ретінде қарастыруға болмайтынын түсіну қажет. Бұл - біліктілікті арттыру, жаңа дағдыларды игеру, өз бизнесіңді құру үшін бастапқы капиталды жинау, басқа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу сияқты жағымды жақтары бар көпқырлы үдеріс.

"Мемлекет қазақстандықтардың, соның ішінде еңбек мигранты атанған азаматтардың да мүмкіндіктеріне жол ашуға бар күш-жігерін салады. Үкімет осы мәселелерді барынша зерттеп, ұсыныстар енгізуі керек", - деп қорытындылады Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық кеңесінің төртінші отырысы өтетінін жазған едік.

Одан бөлек, екінші тоқсанда қазақстандық оқушылар қандай форматта оқитынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880931-prezident-zyl-sajyn-mydagan-kazakstandyk-ebek-migranty-atanuda/

pixel