RU

Президент: Ұлттық кеңес қоғам өкілдері мен сарапшылардың жабық клубы емес

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: kazakistan.kz

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаев Ұлттық кеңес қоғам өкілдері мен сарапшылардың жабық клубы еместігін ескертіп, елдің дамуына тың серпін қажет екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғам өкілдері мен сарапшылардың жабық клубы емес. Бұл ұдайы жаңарып отыратын ашық диалог алаңы. Мұнда түрлі ұстаным мен көзқарас тұрғысынан сан алуан пікір айтылады. Ротацияның негізгі масқаты да осы", - дейді Тоқаев.

Президент еліміздің дамуына тың серпін қажеттігін алға тартты.

"Ұлттық кеңесте бәтуаға келу қағидатымен өткір мәселелерге деген сындарлы көзқарас орныққан. Бұл – біздің қоғамдағы өзара пікір алмасу мәдениетінің айқын көрсеткіші әрі еліміздің тұрақты дамуының маңызды факторы. Індеттен туындаған дағдарыс пен әлемдегі күрделі ахуал кезінде еліміздің одан ары қарқынды дамуы үшін жаңа тәсіл, тың серпін қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президенттің айтуынша, биылғы Жолдауда барлық мәселе ашық айтылып, оны шешудің нақты жолдары ұсынылған.

Еске салсақ, бұған дейін біз мемлекет басшысы жұмыстан босату және жалақы берешегі қаупі жөнінде айтқанын жазған едік.

Одан бөлек, Тоқаев Қазақстандағы басшы әйелдердің көбеюі туралы сөз қозғаған болатын.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында еңбек көші-қоны мәселесін егжей-тегжейлі зерттеудің маңыздылығына тоқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880951-prezident-lttyk-kees-kogam-kilderi-men-sarapsylardy-zabyk-kluby-emes/