jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Германияның денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырып алды

    Йенс Шпан
    Йенс Шпан. Фото: dw.com

    Германия үкіметінде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. COVID-19 денсаулық сақтау министрі Йенс Шпаннан анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ EADaily сайтына сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 21 қыркүйекте Йенс Шпанның коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған.

    Шпанның тесті оң нәтиже көрсеткен соң, ол бірден оқшауланған. Мұның алдында министрде суық тиюдің белгілері болыпты.

    Йенс Шпаннан коронавирус табылған күні ол Германия канцлері Ангела Меркельмен бірге үкімет отырысына қатысқан.

    Zn.ua сайтының жазуынша, Германияда өткен тәулікте 11 287 адамға коронавирус диагнозы қойылған. Сонымен бірге бір тәулікте 30 адам аурудан қайтыс болған.

    Ал пандемия басталғалы бері бұл елде жалпы вирус жұқтырудың 392 049 жағдайы тіркелген. Соның 302 100-і емделіп шыққан.

    Еске сала кетсек, 17 қазанда Германияның 8 мыңға жуық тұрғынынан коронавирус анықталып, жаңа антирекорд тіркелген еді. Мұндай жағдай тіпті көктемде де болмаған екен. Осы орайда канцлер Ангела Меркель халыққа үндеу жасап, қауіпсіздік мәселесіне аса мән беруге шақырған болатын.

    Меркель өз үндеуінде ел тұрғындарына отбасылық мерекеден бас тартуға кеңес беріп, себепсіз көшеге шығу азаматтардың өзі үшін де, қоғам үшін де қауіпті екенін ескертті.

    Айта кетсек, жақында Ұлыбритания мен Қытай ғалымдары коронавирустың есту мен көру қабілетіне де кері әсері барын анықтаған болатын.

    Сондай-ақ бұған дейін отандық маман коронавирус дертінен айыққаннан кейін моншаға түсудің кері әсері бар-жоғын айтқан еді.

    Германияның денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.