Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз сөзіңе жауап бересің": Өскемен әкімі даулы хатқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Жақсылық Омар
Жақсылық Омар. Фото: ognialatau.kz

Әлеуметтік желіде Өскемен әкімі Жақсылық Омардың жазған хаты қызу талқылануда. Қала басшысы оқиғаға қатысты пікір білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

zhest_kz парақшасында Instagram директіндегі жазылған хаттың скриншоты жарияланған. Тұрғын әкімге шұрық тесік көшенің фотосын жіберіп, "біз әрқашан балалармен осы шалшықтардан киік секілді секіреміз" деп жазған.

Ал оған Өскемен әкімінің парақшасынан "Өз сөзіңе жауап бересің" деген жауап жазылған.

Желі қолданушылары хатты бірден талқылап, шенеуніктерге таңданысын жасыра алмаған.

Хат
Скриншот: instagram.com/zhest_kz

Қала тұрғынына жауап расымен де Жақсылық Омардың Instagram желісіндегі ресми парақшасынан берілген. Алайда дауға айналған соңғы жазба өшірілген.

Қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында бастапқы хабарламаны жария етті. Оның жасыл алаңдар туралы жазбасына бейәдеп сөздері бар пікір қалдырылған.

"Менің ағам Мостовая көшесін әдемі етіп жасады,! Сен жасамайынша, екіжүздісің деп бәріне әшкерелеп айтамын!", - делінген пікірде.

Жақсылық Омар осыған қатысты пікір білдірген. Оның сөзінше, әлеуметтік желіде пайда болған бағалау ешбір айғақ пен дәлелге негізделмеген.

"Осы ретте қала жетекшісі ретінде екіжүзді деп айыптауды қорлау деп санаймын. Әрине, мен өзімнің ар-намысыма және абыройыма жасалған мұндай дәлелсіз және қорлаушылық шабуылдарды тиісті реакциясыз қалдыра алмаймын", - деді әкім.

Омардың сөзінше, ол адамға қорлау үшін жауапкершілік барын айтқан кезде ол мұны ҚР заңнамасы талабы ретінде емес, жеке қауіп ретінде қабылдаған.

"Мен әрдайым дәлелді, негізді талаптарды тыңдауға дайынмын. Бірақ, кез келгеніңіз сияқты, мен жеке, эмоционалды қорлауға жол бермеймін. Мен өз тарапымнан айтқанымдай, заң бұзушыны заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартқым келеді. Мұндай қорлаудың атқарушы билік пен тұрғындар арасындағы тиімді диалогқа еш қатысы жоқ", - деді әкім.

Сондай-ақ ол қалалықтардың болған жайтқа түсіністікпен қарап, шаһарда болып жатқан оқиғаларды объективті түрде бағалайтынына сенім білдірді.

Еске сала кетсек, Өскеменде 19 жастағы жігіт досының пәтерін екі рет тонап кеткенін жазған едік.

Сондай-ақ осы өңірде көпбалалы ана полицияға өтініш жазып, балаларын алып кетуді сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881553-z-szie-zauap-beresi-skemen-kimi-dauly-hatka-katysty-pikir-bildirdi/

pixel