Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғын үй көмегін алу үшін алматылықтар қайда жүгінуі қажет

Опубликовано:

үй
Фото: Pixabay.com

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесінің негізінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Бұл көмек коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығындар отбасының жиынтық табысының 5 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.

Мысалы: отбасының жиынтық табысы 150 мың теңгені құраса, отбасының жиынтық табысының 5 пайыздық үлесі – 7,5 мың теңге, коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығындар норма бойынша 16 мың теңге болса, онда тұрғын үй көмегіне 8,5 мың теңге шығады (16 мың теңге – 7,5 мың теңге).

Тұрғын үй алаңының нормасы, адам басына 18 шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, ал бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - иеленіп отырған тұрғын үйінің нақты пайдалы алаңына тең болуы тиіс.

Көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіту кезінде коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметтерді) реттеу жөніндегі аумақтық уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметті қолдану нормаларына тең.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінеді. Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

2) отбасының табысын растайтын құжаттар;

3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы;

4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама;

5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама;

6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

8) банктік шоты;

9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

Тұрғын үй көмегі жайында қосымша ақпарат алу үшін тіркелген тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне келесі мекенжайлар бойынша хабарласуыңызға болады:

  • Алатау ауданы: мекенжайы: Нұркент ықшамауданы, 5/18 үй, тел.: 3938960 ;
  • Алмалы ауданы: Сейфуллин даңғылы, 577, тел.:261-02-81;
  • Әуезов ауданы: 3 ықшамауданы, Абай даңғылы, 41-а, тел.: 276-49-92;
  • Бостандық ауданы: Жандосов көшесі, 2 үй, тел.: 392-22-95;
  • Жетісу ауданы: Мақатаев көшесі, 142 үй, тел.:279-37-72;
  • Медеу ауданы: Төле би көшесі, 12 үй, тел.: 291-06-65;
  • Наурызбай ауданы:мкр. Шұғыла 222/2 үй, тел.: 385-59-40;
  • Түрксіб ауданы: Рихарда Зорге көшесі, 18 үй, тел.: 234-93-15.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881626-trgyn-j-kmegin-alu-sin-almatylyktar-kajda-zginui-kazet/

pixel