RU

Таубаев қамауға алынды: Атырау облысында әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

Серік Айдарбеков
Серік Айдарбеков. Фото: Атырау облысы коммуникациялар қызметі

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұған дейін мәжіліс аппаратының жетекшісі болған Серік Айдарбеков пара алды деген күдікпен қамауға алынған Нұрлан Таубаевтың орнына келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Өңірдегі коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхаметов әріптестеріне жаңа орынбасарын таныстырды. Серік Кеңғанұлының кандидатурасын Президент әкімшілігі мақұлдаған.

Өңір басшысы жаңа орынбасарының кәсіи тәжірибесі мен білімін атап өтіп, оған сәттілік тілеген.

Серік Айдарбеков 1975 жылы Жаңаөзенде дүниеге келген.

Оның бірнеше жоғары білімі бар. Экономика ғылымдарының кандидаты, ағылшын және италиян тілін жетік меңгерген.

Еңбек жолын Алматыдағы инвестициялық саясат департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

Ол мұнай-газ саласындағы ірі компанияларда және әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Премьер-министрдің кеңесшісі, Министрлер кабинеті басшысы канцеляриясы бөлімінің меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары болған.

Атырау әкімі ретінде қызмет етіп, Президент әкімшілігінде жұмыс істеген.

Сондай-ақ, жаңадан тағайындалған қызметіне дейін ол Парламент мәжілісі аппаратын басқарған.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаровтың ұсталғаны белгілі болды.

Кейінірек, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881750-taubaev-kamauga-alyndy-atyrau-oblysynda-kimni-zaa-orynbasary-tagajyndaldy/