Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа ресейлік зымыран сынақтан өтті (видео)

Опубликовано:

Зымыран
Скриншот: Ресей қорғаныс министрлігі

2020 жылдың 28 қазанында Қазақстанның Сары-Шаған полигонында Ресейдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚҚЖ) жаңа зымыраны сыналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми сайты мәлімдегендей, зымыранды Әуе-ғарыш күштерінің (ӘҒК) әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жауынгерлік әскер есебі ұшырған.

"Бірқатар сынақтардан кейін ЗҚҚ жүйесінің жаңа зымыраны өзіне тән сипаттамаларды сенімді түрде растады. Жауынгерлік есептер берілген дәлдікпен шартты нысанаға дөп тигізіп, тапсырманы ойдағыдай орындады", - деп түсіндірді ӘҒК ЗҚҚ құрама командирі генерал-майор Сергей Грабчук.

Бұл зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі Ресейдің әуе-ғарыш күштерін қаруландыруға бағытталғаны және әуеден немесе ғарыштан шабуыл жасау құралдарынан қорғауға қызмет ететіндігі айтылған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік шекараға жақын жерден шекарашылар зымыранның бір бөлігін тапқанын жазған едік. Зымыран қалдығы құлаған өңірдің басшысы ақпаратты растады. Алдын ала мәлімет бойынша, шекарашылар жанармай багын тауып алған.

Одан бөлек, Әзірбайжандағы көппәтерлі үйге зымыран құлағанын жазған болатынбыз. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 28-і жарақат алған. Елдің ТЖМ үйінді астынан марқұмдар мен жаралылардың табылғанын хабарлады.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары Ирактағы АҚШ елшілігі маңына үш зымыран құлағанын жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882234-kazakstanda-zaa-resejlik-zymyran-synaktan-tti-video/

pixel