Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қабыл университетінде жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың жазықсыз қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Осындай қаралы сәтте орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасылар мен барша Ауғанстан халқына қазақстандықтардың және өз атымнан көңіл айтамын" , – делінген жеделхатта.

Қазақстан президенті қасіретті оқиғада зардап шеккен адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия үкіметі мен халқына Венада болған террористік актке байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы өзінің ресми Twitter парақшасында Венада орын алған терактке қатысты пікірін білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882924-tokaev-auganstan-prezidentine-kil-ajtu-zedelhatyn-zoldady/

pixel