RU

АҚШ-тағы сайлау: Трамп дауыс беру нәтижелеріне қатысты мәлімдеме жасады

Дональд Трамп
Фото: Sarah Silbiger / Getty Images

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде бірқатар штаттардағы президенттік сайлаудың алғашқы нәтижелеріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Twitter-дегі жеке аккаунтында Трамп президенттік сайлаудың алғашқы нәтижелеріне қатысты ойын ортаға салды. Ол өзіне дауыс бергендерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

"Біз шынымен де бүкіл ел алдында жақсы жағымыздан көрінудеміз, рахмет!" , - деп жазды Дональд Трамп жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бірқатар штаттарында дауыстарды санаудың алғашқы нәтижелері жария болғанын жазған едік. Бүгінгі таңда қазіргі президент Дональд Трамп бірқатар штаттарда көш бастап тұрғаны белгілі болды.

Одан бөлек, қорытынды дауыс беру қарсаңында Дональд Трамп пен Джо Байден Twitter парақшаларында айтысқанын жазған болатынбыз. Олар тағы да бір-бірін айыптаған.

Айта кетейік, АҚШ-та болашақ президентке дауыс беру 3 қарашада ресми түрде басталды. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық партия атынан Дональд Трамп пен демократиялық партия атынан Джозеф Байден кандидат болып отыр.

Британдық кәсіпкер Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісіне 5 миллион доллар бәс тігіп отыр.

Британдықтың досы оның бәс тікпес бұрын "Трамп лагерінің инсайдерлерімен" кеңескенін айтты. Егер Трамп жеңіске жетсе, бұл чек оған 15 миллион доллар (6 531 882 000 теңге) пайда әкелмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882944-aks-tagy-sajlau-tramp-dauys-beru-ntizelerine-katysty-mlimdeme-zasady/