Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тағы сайлау: Байден сайлаушылардың 218 даусын жинады

Опубликовано:

Сайлау
Фото: Jeenah Moon/Bloomberg via Getty Images

АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты ақпарат құралдары біртіндеп нәтижелері де жариялап жатыр.

CNN-ніңхабарлауынша, АҚШ президенті болуға демократтар атынан сынға түсіп жатқан Джо Байденге 192 сайлаушы, елдің қазіргі президенті Дональд Трампқа 114 сайлаушы дауыс берген.

Ал Fox News-тің хабарлауынша, Байден қазірдің өзінде 218 дауыс, ал Трамп 148 дауыс жинаған.

Айта кетейік, президенттік сайлауда жеңіске жету үшін екі үміткердің бірі сайлаушылардың 270 дауысын жинауы керек.

Миссисипиде Трамп жеңіске жеткен. Онда алты сайлаушы Трампқа дауыс берген.

Еске сала кетейік, АҚШ-та болашақ президентке дауыс беру 3 қарашада ресми түрде басталды. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық партия атынан Дональд Трамп пен демократиялық партия атынан Джозеф Байден кандидат болып отыр.

Бүгін АҚШ-тың бірқатар штаттарында дауыстарды санаудың алғашқы нәтижелері жария болды. Оған сәйкес, қазіргі ел президенті Дональд Трамп көш бастаған.

Кейін Трамп әлеуметтік желіде алғашқы нәтижелерге қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ Джо Байден Флоридада дауысты алдын ала санау нәтижелері бойынша алға шықты. Бұл штатта Трамп пен Байден арасындағы талас қыза түсті.

Сонымен қатар АҚШ-тағы сайлау нәтижесін күткен қалың жұрт Ақ үйдің алдына жиналған болатын.

Өз үміткерлерін қолдауға келген тұрғындар қолдарына плакат алып, ұрандатуға көшкен. Ақ үйдің жанында қалың жұрттан бөлек, көптеген телеарна тілшісі де бар. Жиналғандар ешқандай агрессия танытпауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882994-aks-tagy-sajlau-bajden-sajlausylardy-218-dausyn-zinady/

pixel