RU

Трамп АҚШ-тың Жоғарғы сотын сайлау нәтижесін тезірек шығаруға шақырды

АҚШ президенті Трамп
Дональд Трамп. Фото: Getty Images / Ethan Miller

Американың қазіргі президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Жоғарғы сотын президенттік сайлаудың нәтижесін тезірек шығаруға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол сайлау бақылаушыларына өз жұмысымен айналысуға тыйым салынғанын, сол себепті осы уақыт аралығында қабылданған дауыстар заңсыз деп танылуы керек екенін мәлімдеді.

"Мен АҚШ-тағы президент сайлауында заңды дауыстармен оңай жеңемін", - деп жазды ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Өз кезегінде, Twitter оның жазбасын сайлауды немесе басқа азаматтық процесстерді жаңылыстыратын материал ретінде белгілеген.

Еске салсақ, бұған дейін Байден жеңіске жетуге қажетті сайлау дауыстарын жинай алатынын мәлімдеген болатын.

Одан бөлек, Байденнің штабы өз кандидатының АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялаған еді.

Сол арада Нью-Йоркте, Вашингтонда және Детройтта наразылық акциялары басталып кетті. Шерушілер АҚШ-тағы президенттік сайлауда барлық дауыстардың есептелуін талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883461-tramp-aks-ty-zogargy-sotyn-sajlau-ntizesin-tezirek-sygaruga-sakyrdy/