Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді

Опубликовано:

Тоқаев Путин
Фото/архив: ru.sputnik.kz

Мемлекет басшылары қатысады деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге шегерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. Бұған дейін Форум биылғы қараша айының екінші жартысында екі ел басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын", - деп жазды Тоқаевтың ресми өкілі өзінің Facebook парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.

Кездесуде президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі даму бағыттары жөніндегі баяндамасын тыңдады. Бұл ретте қазіргі әскери қақтығыстардың тәжірибесі сөз болған.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан армиясының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жетілдірудің перспективалары және әскерді ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары сияқты заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықтау мәселелері қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883475-tokaev-pen-putin-katysatyn-ziyn-kejinge-segerildi/

pixel