RU

"Жалғыз төтеп бере алмайды": Мамин ТМД-ны пандемияға қарсы бірігуге шақырды

Асқар Мамин
Фото: egemen.kz

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер пандемиялық дағдарыстан шығу үшін өзара бірігу мүмкіндігін барынша пайдалануы қажет. ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысқан Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Дамыған ел болсын, дамушы мемлекет болсын, біреуі де жалғыз өзі жаңа қауіп-қатерлерге төтеп бере алмайды. Сондықтан біз өзіміздің Достастығымыздың барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктерін белсенді пайдалануымыз қажет", - деді Мамин. 

Оның ойынша, ТМД ауқымды дағдарыстан шығу бойынша барлығын байланыстыратын әрі ұжымдық күш-жігерді біріктіретін платформаға айналуы тиіс.  

Айта кетейік, кеңес отырысы бейнеконференция форматында өтті. Оған Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан мен Өзбекстанның үкімет басшылары, сондай-ақ, Түркіменстанның сыртқы істер министрі қатысты. 

Кеңес отырысында экономика мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883482-zalgyz-ttep-bere-almajdy-mamin-tmd-ny-pandemiaga-karsy-biriguge-sakyrdy/