Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адвокат: Елжан Біртанов үй қамағына жіберілді

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Фото: Хабар 24

Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үй қамағына жіберілді. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко айтты деп жазады zakon.kz.

Адвокат Дмитрий Куряченконың сөзіне сенсек, Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов үй қамағына алынған. Бүгіннен бастап бұрынғы министр үйіне жіберілді.

Алайда бұл туралы құзырлы органдар әлі ресми мәлімдеме жасамағанын айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейін Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті бұрынғы министрдің қамауға алынғанын растады. Оның бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Жақында белгілі қазақстандық дәрігерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері әлеуметтік желілерде Елжан Біртановты қолдау акциясын бастап кеткен болатын. Олар оның кінәлі екеніне сенбейтіндерін алға тартып, ойларын ортаға салған.

Одан бөлек, әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министріне бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыру туралы онлайн петиция пайда болды. Петицияда әлеуметтік желіде қолдау акцияларын ұйымдастырған бұрынғы министр жақтастары тергеуге қысым көрсетіп жатқаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883516-advokat-elzan-birtanov-j-kamagyna-ziberildi/

pixel