БАҚ: Трамп дауыс беру нәтижелеріне қарсы митингтер өткізбек
Опубликовано:

Дональд Трамп ауқымды митингілерді қайта жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл жолы митингтер дауыс беру нәтижелеріне қарсы бағытталмақ деп хабарлайды Fox News.
Дональд Трамптың командасы сайлау нәтижелеріне қарсы күресу үшін "Трамптың митингтер сериясын" елдің көптеген штаттарында сотпен қатар жүргізбек ниетте.
Митингтер барысында Трамп сайлауда "өлі жандардың" болғандығы туралы дәлелдер келтіруге уәде берді. Науқан кезінде Джорджияға, Аризонаға және Пенсильванияға Даг Коллинз бастаған дауыстарды қайта санау топтары жіберілмек.
Трамп жеңілгенін мойындаудан бас тартты және жақын күндері сотқа жүгінетінін мәлімдеді. Ол және оның сайлау науқаны Байденге жеңіс әкелген Пенсильваниядағы және басқа штаттардағы сайлаушыларды ауқымды алаяқтық жасады деп айыптады, бірақ оның бұл сөздеріне әлі нақты дәлелдер жоқ.
Трамптың адвокаты Руди Джулианидің айтуынша, осы аптаның соңына дейін төрт-бес шағым сотқа жолданады.
Аризона, Джорджия, Мичиган, Пенсильвания және Невада штаттарындағы сайлаудағы жоғары лауазымды адамдар - республикашылдар да, демократтар да - дауыс беруде заң бұзушылықтарды, өрескел алаяқтықты немесе заңсыз әрекеттерді көрмегендерін айтты.
7 қарашада Джо Байденнің АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңгені белгілі болды. Алайда, Дональд Трамп оңайлықпен бас тартқысы келмейді және дауыстарды қайта санауға қол жеткізбек. Сарапшылар Трамп командасы бастаған сот процесінің болашағы жоқ деп санайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883694-bak-tramp-dauys-beru-ntizelerine-karsy-mitingter-tkizbek/