Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжандықтар Таулы Қарабақ соғысындағы жеңісін тойлауда (фото, видео)

Опубликовано:

Жұрт
Фото: trend.az

Әзербайжан астанасының тұрғындары бір-бірін Таулы Қарабақ үшін соғыстағы жеңісімен құттықтап, көшеге шықты.

Ильхам Алиев Қарабақтың қақтығыс аймағында соғыс қимылдарын тоқтататын құжатқа қол қойғаны туралы жариялағаннан кейін Баку тұрғындары туын ұстап, көшеге шығып, бір-бірін жеңіске жетумен құттықтай бастады деп жазады Trend.az.

Sputnik Әзербайжан хабарлағандай, әзербайжандықтар Баку орталығына жиналып, жергілікті уақыт бойынша таңғы төрттен бастап тойлатуға кіріскен.

Әзербайжан астанасында отшашулар атылып, автомобильдер сигналдарын қоса бастаған екен.

"Әзербайжан армиясы өзінің туған жерлерін азат етті! Соғыс аяқталды! Біздің әскеріміз жасасын! Қарабақ енді еркін тыныс алады! Керемет түн! Барлық әзербайжандықтарды құттықтаймын!", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

Сол арада Арменияда Қарабақтағы соғыс аяқталғандығы туралы хабарланғаннан кейін наразылықтар басталып кеткен. Демонстранттар премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде.

Өз кезегінде Ильхам Алиев Арменияның жеңілгенін мойындауын соғыстағы капитуляцияға теңеген.

Еске салсақ, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Ресей мен Әзірбайжан басшыларымен Таулы Қарабақ бойынша келісімге келгендері туралы мәлімдеген еді. Мәлімдемеге сәйкес, аталмыш аймақ үшін соғыс тоқтатылады.

Алайда бұл мәлімдеме халықтың көңілінен шықпай, Арменияда наразылықтар басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883865-zerbajzandyktar-tauly-karabak-sogysyndagy-zeisin-tojlauda-foto-video/

pixel