Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Мейіржан Юсупов
Мейіржан Юсупов. Фото: primeminister.kz

Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Мейіржан Юсупов 2001 жылы Middle East Technical University-ді "Экономика және басқару" мамандығы бойынша, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика мектебін, 2015 жылы Гарвард басқару мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы "Туркуаз" компаниялар тобы" АҚ директорының орынбасары лауазымынан бастаған. Кейіннен "Демир Қазақстан Банк" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қорында жұмыс істеген.

2010 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап жаңа қызметіне дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеген.

Еске салсақ, бұған дейін Әділбек Жақсыбековтің "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ президент өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883909-mejirzan-usupov-lttyk-ekonomika-vice-ministri-bolyp-tagajyndaldy/

pixel