Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 жұқтырған Зеленский Меркельден вакцина жеткізуге көмек сұрады

Опубликовано:

Украина президенті
Фото: Twitter

Украина президенті Владимир Зеленский Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті. Ол КВИ вакцинасын жеткізуге көмек сұрады деп хабарлайды Украина басшысының сайты.

10 қарашада Владимир Зеленский Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті.

Украина басшысы елдің қазіргі уақытта COVAX халықаралық қоры аясында әзірленіп жатқан коронавирус вакцинасына қолжетімділігін кеңейту туралы өтініш білдірді.

"Біз Biontech неміс фирмасы мен америкалық Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауда қол жеткізген жетістігін құптаймыз. Бұл өте жігерлендіретін жаңалық. Мен сізден коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізуді жоспарлау кезінде Украинаның мүдделерін ескеруге көмектесуіңізді сұраймын", – деді Владимир Зеленский.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленский коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді.

"Әлемде COVID-19 қауіп төндірмейтін бақытты адамдар жоқ. Барлық карантиндік шараларға қарамастан менде оң нәтиже шықты. Дене қызуым 37,5, мен бәріне 36,6 тілеймін! Алайда өзімді жақсы сезінемін. Өзімді оқшаулауға уәде беремін және жұмыс істеуді жалғастырамын. Көбі COVID-19-ды еңсеріп шығады. Мен де айығамын. Бәрі жақсы болады!", – деп жазды президент Telegram арнасында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне тезірек жазылып кетуін тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884103-covid-19-zktyrgan-zelenskij-merkelden-vakcina-zetkizuge-kmek-srady/

pixel