Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әзербайжан Республикасы президентінің, Армения Республикасы премьер-министрінің және Ресей Федерациясы президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз.

Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.

Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз.

Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз", - делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян 10 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Ресей, Армения Таулы Қарабақ бойынша келісімге келгенін мәлімдеген еді. Мәлімдемеге сәйкес, аталмыш аймақ үшін соғыс тоқтатылады.

Алайда бұл мәлімдеме халықтың көңілінен шықпай, Арменияда наразылықтар басталды.

Демонстранттар премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884147-elimizdi-syrtky-ister-ministrligi-tauly-karabaktagy-sogysty-aaktaluyna-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel