Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді

Опубликовано:

мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан президенттері әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанатындарын айтқан.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланған.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуалды талқылау кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан.

Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсететіні белгілі болды.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 10 қараша күні Ресейдің төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалаған.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, Қарабахтағы жағдайды талқылаған болатын.

Олар екі елдің халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастығы туралы да пікір алмасып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық және одақтастық сипатындағы байланыстарды нақтылаған.

Сондай-ақ Кремльдің хабарлауынша, Қазақстанда COVID-19 дертіне қарсы ресейлік вакцинаның өндірісін қолға алу мәселесі де сөз болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884285-kazakstan-men-zbekstan-kyrgyz-halkyna-ekonomikalyk-zne-gumanitarlyk-kmek-krsetedi/

pixel