RU

Тоқаев дәрі-дәрмек және ПТР тест бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

Президент екі министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президентіне агенттік құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайында баяндалды.

Серік Жұманғарин ведомствоның ашықтық саясатын жүзеге асырып жатқанын, проблемалық мәселелерді қоғам және бизнес өкілдерімен бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретін краудсорсингтік алаңдар мен кедергілер жөніндегі кеңестердің құрылғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының, сондай-ақ, Қазақстан әуежайларындағы тұтыну тауарларының бағасын төмендету жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жайында мәлімет берілді.

Бұдан бөлек мемлекет басшысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сауда биржаларының қызметіне, сұйытылған газ бағасын арзандатуға, нарықтағы дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыруға қатысты жасалған жұмыстар туралы айтылды.

Қазақстан президенті ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының және дәрі-дәрмек бағасын айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік басшысына экономиканың тиімділігін арттыруға, тауар биржасы мен бәсекелестікті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндеттемелер жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884443-tokaev-dri-drmek-zne-ptr-synamasy-bagasyn-bakylauda-staudy-tapsyrdy/