Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады. Бір тәулік ішінде "американың көк қағазы" 1,6 теңгеге көтерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан қор биржасының KASE ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, америкалық валюта тәулігіне 1,6 теңгеге қымбаттаған. Қазіргі уақытта бір доллар 430,59 теңгені құрап тұр.

Сонымен қатар, Алматыдағы айырбастау пункттерінде және екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасының бір данасы 431,9 - 432,8 теңгеден сатылуда.

Оңтүстік астананың тұрғындары "американың көк қағазын" 429 - 430,5 теңгеден сата алады.

Нұр-Сұлтанда доллардың бағасы сәл жоғары. Елордада шетел валютасын 432,8 - 433,5 теңгеден сатып алуға, ал 428,8 - 429,8 теңгеге сатуға болады.

Еліміздің үшінші мегаполисінде осындай бағамдар сақталуда. Шымкенттіктер долларды 432,2 - 433,5 теңгеге сатып алып, ал 428,8 - 429,8 теңгеге сата алады.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің министрі кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалық жеткізген болатын.

Одан бөлек, тәжірибелі инвестор, Уолл Стритте 7 жылдық тәжірибесі бар миллионер Эдвард Дубинский Джозеф Байденнің АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жетуі доллар бағамына қалай әсер ететінін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884545-kazakstanda-dollar-tagy-da-kymbattady/

pixel