Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айзат Молдақасымова жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Айзат1
Фото: gov.kz

Айзат Молдақасымова Алматы қаласындағы №27-ші емхананың бас дәрігері болып тағайындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты медицина мекемесінің өкілдері растады.

"Иә, Айзат Молдақасымова кешеден бері №27 бас дәрігері болып жұмыс істейді", – деп хабарлады емханадағылар.

Еске салсақ, бұған дейін Айзат Молдағасымованың үлкен жанжалдан кейін Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының бас санитар дәрігері қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.

Ал маусым айының басында Алматы қаласының бас санитар дәрігері қызметінен кеткен Айзат Молдағасымова жаңа қызметке ие болды. Ол Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры лауазымына тағайындалған еді.

Кейін орталық директоры сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылды.

Айзат Молдақасымованың нұсқасы бойынша, ол өзі басқаратын орталықтың проблемаларын көтергеннен кейін онымен еңбек шарты бұзылған. Денсаулық сақтау министрлігі дәрігердің уәждерін негізсіз деп атаған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айзат Молдағасымова гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы болып тағайындалған сәттен бастап (1 шілде) қыркүйек айының ортасына дейін жұмысқа шықпағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884627-ajzat-moldakasymova-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel