Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Бекболат Тілеухан1
Бекболат Тілеухан. Фото: facebook.com/bekbolat.tleuhan

Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болып сайланды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2020 жылғы 12 қараша күні Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының  президенті Неджмеддин Билал Эрдоганның төрағалығымен өткен отырыста Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы жанынан құрылған Орта-Азиялық комитеттің тұңғыш төрағасы болып сайланды.

Комитет құрамына дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды дамыту, насихаттау және одан ары ілгерілетуді көздеген Азия құрлығының 10 мемлекеті еніп отыр. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлері – көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, бәйге түрлері, құсбегілік, дәстүрлі садақ атуды дамыту, насихаттау және ілгерілетуді жүзеге асыратын заңды негіздегі аккредиттелген жалғыз ұйым болып табылады.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгiлi тележүргiзушi Майя Бекбаева жаңа қызметке тағайындалған еді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Майя Төлегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген Ақорда сайтындағы құжат мәтінінде.

Cонымен қатар президент өкімімен Юсуп Хасанович Келигов және Шерзод Аббозович Пулатов Ассамблея төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884923-bekbolat-tileuhan-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel