Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған Зеленскийдің қайта тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Anna Marchenko\TASS via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленскийдің коронавирусқа тапсырған екінші тесті де оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы ол өзінің Telegram парақшасында хабарлады.

Украина көшбасшысының сөзінше, осыған қарамастан өзін жақсы сезінеді.

"Менің қайтадан жасаған тестім өкінішке орай, әзірге оң нәтиже көрсетті. Бірақ мен күн сайын жұмыс істеуді жалғастырамын. Өзімді күннен күнге жақсы сезінудемін, бүгіннен бастап иіс сезе бастадым, күшім қалпына келуде", - дейді Владимир Зеленский.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскийдің коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған едік. Сонымен бірге Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Кейінірек, Зеленскийдің ауруханаға түсіп қалғаны хабарланды. Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың айтуынша, Зеленский мен Ермак Фовофания ауруханасында қауіпті індеттен ем алып жатыр.

Сондай-ақ 14 қарашада коронавирус жұқтырғаны анықталған Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степанов блогерлікпен айналысатынын мәлімдеген еді.

Айта кетсек, 10 қарашада Зеленский Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен. Украина басшысы елдің қазіргі уақытта COVAX халықаралық қоры аясында әзірленіп жатқан коронавирус вакцинасына қолжетімділігін кеңейту туралы өтініш білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1885547-koronavirus-zktyrgan-zelenskijdi-kajta-tapsyrgan-testi-o-ntize-krsetti/

pixel