RU

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті деп жазады Ақорда.

Қазақстан президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті.

Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.  

Фото
Фото: Ақорда

Бұдан кейін мемлекет басшысы Қазақстан үкіметінің басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру мәселелері бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Фото
Фото: Ақорда

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдағаны туралы хабарлаған едік.

Қазақстан президентіне ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/1885718-kasym-zomart-tokaev-resejlik-delegaciamen-kezdesti/