Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ПТР тесттің мерзімі өткен: Мамин Украина министрімен кездесе алмады

Опубликовано:

Асқар Мамин
Фото: ult.kz

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий 12 қарашада Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, бірақ коронавирусқа арналған ПТР-тесттердің мерзімі өткеніне байланысты еліміздің үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесе алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Криклий Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Склярмен кездесті. Кездесу аясында Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украинаның Инфрақұрылым министрлігі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Қазақстандық тарап премьер-министр Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Криклийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. Алайда украин делегациясы мүшелерінің ПТР сертификаттарының жарамдылық мерзімінің (бес күннен астам) аяқталуына байланысты Мамин мен Криклийдің кездесуі болмады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі коронавирус пандемиясына байланысты талаптарды орындау қажеттілігі туралы еске салды.

Кездесулерді өткізудің шарттарының бірі - коронавирустың жоқтығы туралы ПТР сертификатының болуы.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам көз жұмғанын жазған едік.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келгенін жазған болатынбыз. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1885927-ptr-testti-merzimi-tken-mamin-ukraina-ministrimen-kezdese-almady/

pixel