Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйел адамға әкім болу қаншалықты қиын: Гүлшара Әбдіқалықова жауап берді

Опубликовано:

Гүлшара Әбдіқалықова
Гүлшара Әбдіқалықова. Фото: Ақорда

Қызылорда облысының әкіміне ОҚК өткен онлайн брифингте өңірді басқару қиын емес пе деген сауал қойылды. Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан тарихындағы облыс әкімі болған алғашқы әйел деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Модератор Гүлшара Әбдіқалықова - Қазақстан тарихындағы облыс әкімі болған алғашқы әйел екенін атап өтті.

"Әйел адам бола тұра бүтін бір облысты басқару қиын емес пе? Қазіргі уақытта өңірдегі қандай өзекті мәселелерді шешіп жатырсыз?", - деді ол.

Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі ахуал өзі басқарып отырған облысқа ғана емес, бүкіл Қазақстанға, сондай-ақ әлемнің басқа елдеріне әсер еткенін айтты.

Аймақ басшысы барлық қиындықтарды бірге жеңуге болатындығын атап өтті.

"Атамекен" ҰКП, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, ардагерлер, біз бәріміз бірлесе жұмыс істеудеміз", - деді ол.

Әкімнің сөзінше, пандемия кезінде басты міндет - адамдардың денсаулығы. Осыған байланысты жергілікті билік коронавирусқа қарсы жұмыс атқаруда.

Екінші мәселе - экономика мен бизнесті қолдау.

Кейінірек, Әбдіқалықова орынбсараларының бәрі ер адамдар екенін мәлім етті. Әкім өзінің орынбасарларын тәжірибелі мамандар деп атаған.

Еске сала кетсек, Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып осы жылдың 28 наурызында тағайындалды. Бұған дейін ол мәжіліс депутаты болған.

Айта кетейік, 23 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады.

Әкім президентке 9 ай ішіндегі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1885965-jel-adam-sin-kim-bolu-oaj-ma-glsara-bdikalykova-zauap-berdi/

pixel