RU

Алматыда оталған ағаштар: Тоқаев кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған еді.

Ағаштар Жароков пен Әуезов көшелерінің арасындағы Төле би көшесінің маңында кесілген. Желі қолданушылары ағаштың босап қалған орнын көрсетті. Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, басқармасы ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

Одан бөлек, жақында Алматы тұрғындары қаладағы аудандардың бірінен Қызыл кітапқа енген аққуды тауып алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886147-tokaev-almatyda-agastardy-kesken-kinlilerdi-zauapkersilikke-tartudy-tapsyrdy/