Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Англия жоғары соты канадалық компаниямен болған дауда Қазақстан пайдасына шешім шығарды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Англияның Жоғары соты канадалық "World Wide Minerals" компаниясының және Пол А. Кэроллдың талабы бойынша Қазақстанға қарсы шығарылған төрелік шешімнің күшін жойды деп хабарлайды еліміздің Әділет министрлігінің ресми сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, өткен айда төрелік сот канадалық компанияның пайдасына шешім шығарған. Осы шешімге сәйкес, Қазақстан 1,9 миллиард долларды құрайтын талаптың жалпы сомасынан 1% мөлшерінде шығынды өтеуі керек еді.

Қазақстан тарапы шешіммен келіспей, Англияның Жоғары сотына өтініш берген. Сот шешімі кеше, 23 қарашада шыққан.

"Англияның Жоғары соты 2020 жылғы 23 қарашада қазақстандық тараптың дәлелдерімен келісе отырып, Талапкерлерге ұйғарылған талап сомасы мен шығындарға қатысты шешімнің күшін жойып, оны төрелік трибуналға қайта қарауға жіберді", - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Одан бөлек сот "World Wide Minerals Ltd" және П. Карролдан Қазақстан пайдасына 350 000 АҚШ доллары көлемінде сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарған.

"Англияның Жоғары соты 1996 жылғы төрелік Заңның 68-бабының тәртібінде шағымдану процесіне байланысты Қазақстан Республикасына берілетін өзге де шығындардың сомасын қосымша бағалайды", - деді ведомство.

Осы дауда Қазақстан мүддесін Әділет министрлігі, "Reed Smith LLP" халықаралық заң фирмасы, "Essex Court Chambers" адвокаттық палатадан Джо Смоуа корольдік адвокаты, "3 Verulam Buildings" адвокаттық палатасының мүшелері Кристофер Харис және Пол Ви қорғауда.

Еске сала кетсек, 2020 жылғы 22 сәуірде Англияның Жоғары соты Анатолий Статидің дәлелдерін жоққа шығарып және Ұлттық Банктің BNYM кастодианында Ұлттық Банк алдында ғана Ұлттық қор активтеріне қатысты міндеттемелері бар екендігі туралы дәлелдерімен келісіп, Қазақстан тарапының пайдасына шешім шығарған.

Сондай-ақ 2020 жылы 17 маусымда Швед соты Статиге қарсы істе Қазақстан тарапының пайдасына шешім шығарғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886206-anglia-zogary-soty-kanadalyk-kompaniamen-bolgan-dauda-kazakstan-pajdasyna-sesim-sygardy/

pixel