Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанда 21 трлн теңге неге жұмылдырылатынын айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының XX съезінде 21 трлн теңгені партияның үкіметпен бірге жұмылдыру жоспары барын айтты. Бұл ақшаға сайлауалды бағдарлама жүзеге асырылатын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алдағы сайлау (парламент мәжілісінің сайлауы - ред.) қоғам үшін аса маңызды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформасында және Ұлт жоспарында тұжырымдалған жүйелік модернизацияға серпін беру керек.

Осы мақсатта біз 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын қабылдап жатырмыз. Бұл егжей-тегжейлі есептелген нақты құжат. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, Nur Otan үкіметпен бірге 21 трлн теңгені алдағы бес жылда бағдарламаны іске асыруға жұмылдыруды жоспарлап отыр", - деді Тоқаев.

Ол бағдарламада нақты шаралар көрсетілгенін, соның көмегімен Қазақстан әлеуметтік прогреске жетуді және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартқысы келетінін айтты.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев партия съезінде пандемияға байланысты қазіргі экономикалық дағдарыс көптеген елдерге әсер еткенін, бірақ Қазақстанда қажетті қор бар екенін жеткізген болатын.

Сондай-ақ президент осы жиын барысында тұрақты күтімге мұқтаж және жеке көмекшісі жоқ бірінші топтағы мүгедектерге арнаулы жәрдемақы төленетінін айтты. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 есе көбейтілген мөлшеріне тең болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886407-tokaev-kazakstanda-21-trln-tege-nege-zmyldyrylatynyn-ajtty/

pixel