Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Француз сенаты Таулы Қарабақ тәуелсіздігін мойындауға шақырды

Опубликовано:

франция сенаты
Фото: Centralasian.org

Франция сенаты үкіметті Таулы Қарабақтың егемендігін тануға шақырған резолюцияны қабылдады. Бұл туралы Халықаралық француз радиосы хабарлады.

Centralasian.org жазуынша, Құжатты 305 сенатор қолдап, біреуі қарсы болып, 30 депутат қалыс қалған.

Бес фракция депутаттары бірлесіп дайындаған резолюцияда "Түркияның экспансиялық саясатын" есепке алып қабылданып жатқаны жазылған.

Мәтін авторлары Анкараның әрекеттерін Жерорта теңізіндегі, Таяу Шығыстағы және Закавказьедегі "тұрақсыздықтың негізгі факторы" деп атап, оның Францияға, оның ішінде жалпы Еуропаға қауіпті тұстарын атап өткен.

Резолюцияда Франция Ресей мен АҚШ секілді Таулы Қарақбатағы жанжалды реттеу бойынша ЕҚЫҰ-ның Минск тобының тең төрағасы екені көрсетілген.

Осыған байланысты сенаторлор француз үкіметіне халықаралық бітімгерлік күштерін жіберуді ұсынды.

Құжатта бұдан бөлек "Қарабақтағы әскери қылмыстар" бойынша халықаралық тергеу жүргізу және жергілікті бейбіт халыққа гуманитарлық көмек көрсету керектігі жазылған.

Ал Әзербайжан болса бұл резолюцияны қабылдамайтынын мәлімдеді. Елдің сыртқы істер министрлігі француз депутаттарының шешімі ешқандай заңды күшке ие емес екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақтың аумақтық иелігі мәселесіне қатысты мемлекеттің ресми позициясын белгілеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886573-francuz-senaty-tauly-karabak-tuelsizdigin-mojyndauga-sakyrdy/

pixel