Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күршім ауданында денсаулық сақтау саласын дамытуға 1 млрд теңге бөлінген

Опубликовано:

Аурухана
Фото: pixabay.com

Шекаралық аудандарды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша Күршім ауданындағы денсаулық сақтау саласын дамытуға 1 млрд теңге қаржы бөлінген.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Күршім аудандық орталық ауруханасы және Марқакөл ауылдық ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

Күршім аудандық орталық ауруханасы перзентхана бөлімшесінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, қосымша 43 бірлік құрал-жабдық сатып алынды. Сонымен қатар аудандық аурухана мамандарының біліктілігін арттыру арқылы жүкті, босанатын, босанған әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету мен перинаталдық көмекті аймақтандыруды I-ден II деңгейге көшіру жұмыстары да жүзеге асырылады.

Бұған қоса, Марқакөл ауылы ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің материалдық-техникалық базасы 19 бірлік техникамен жаңартылды.

2021-2024 жылдары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Теректібұлақ, Жаңаауыл ауылдарының медициналық пунктіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ақжайлау және Оң жақ Қалжыр ауылдарында дәрігерлік пункттердің құрылысы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Жаңаауыл ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Боран және Тақыр ауылының дәрігерлік амбулатория ғимараты күрделі жөндеуден өткізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886618-krsim-audanynda-densaulyk-saktau-salasyn-damytuga-1-mlrd-tege-blingen/

pixel