Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы әртістермен бірге Ақан серінің «Қара торғай» әнін шырқады (видео)

Опубликовано:

Елбас ән шырқап жатыр
Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды. Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның тұңғыш президенті әртістермен бірге Ақан серінің "Қара Торғай" әнін орындаған деп жазады KAZ.NUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев астана көшкелі елордада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті.

"Баршаңызға шығармашылық жетістік пен табыс тілеймін. Бүгіннен бастап біз театрды ашық деп жариялаймыз. Оның құрылысына «Самұрық-Қазына» компаниясы арнайы қаражат бөлді. Мұнда барлық жағдай жасалған. Көрермендердің осы театрға қуана келетініне сенімдімін" , – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.
Елбасы елордадағы жаңа театрда
Фото: elbasy.kz

Театрдың жаңа ғимараты Қазақстанның nұңғыш gрезидентінің бастамасымен бой көтерді.

Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.

Елбасы елордадағы жаңа театрда
Фото: elbasy.kz

Cондай-ақ, аталмыш кездесуде Елбасы жаңа театр әртістері Ақан серінің "Қара Торғай" әнін орындағанда бірден оларға қосыла кетті. Назарбаевтың қазақ халқы арасында кең таралған өлеңді шырқаған сәті видеоға түсіп қалған.

Тұңғыш президенттің қатысуымен болған ерекше сәттің бейнежазбасымен оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886754-elbasy-rtistermen-birge-akan-serini-kara-torgaj-nin-syrkady-video/

pixel