Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джо Байден аяғын сындырып алды

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Joe Raedle/Getty Images

Джо Байден аяғын жарақаттап алды. Саясаткердің аяғы екі рет сынғаны томография жасағаннан кейін белгілі болған.

РИА Новости Байденнің журналистік пулына сілтеме жасап жазуынша, дәрігерлер саясаткердің аяқ сүйегінің сынғанын анықтаған.

"Компьютерлік томография бүйір және ортаңғы шыбық сүйектерінің сынғанын растады", - дейді дәрігерлер.

Енді Байденге бірнеше апта бойы арнайы аяқ киімде жүруіне тура келеді.

Басылымның ақпаратынша, бастапқыда Байденнің буыны созылған деп болжанған. Саясаткер өз итімен ойнап жатқан кезде жарақат алған.

Еске сала кетейік, 3 қарашада АҚШ-та мемлекет басшысы мен вице-президентті, өкілдер палатасының барлық 435 мүшесін, сенаттың шамамен үштен бір бөлігін (35 сенатор), 11 штат пен екі аумақтың губернаторларын сонымен қатар кейбір штаттың заң шығарушы органдарын сайлау өтті.

Президент сайлауында демократтар атынан үміткер болған Джо Байден жеңіске жетті. Ол АҚШ-тың 46-шы президенті атанып отыр.

Байденді жеңісімен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Сонымен бірге Қытай билігі АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден мен вице-президент болған Камала Харристі құттықтады.

Айта кетейік, еліміздің саясаттанушылары Джо сияқты демократтың билікке келгені елімізге қаншалықты тиімді болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887062-aks-ty-zaa-prezidenti-dzo-bajden-aagyn-syndyryp-aldy/

pixel