RU

"Верный Капитал" Болат Өтемұратовтың қамалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Болат Өтемұратов
Болат Өтемұратов. Фото: zakon.kz

"Верный Капитал" компаниялар тобы ағылшын сотындағы БТА банктің ісі бойынша мәлімдемесін жариялады. Жазба компанияның Facebook парақшасында жарық көрді.

"Верный Капитал" компаниялары тобы Мұхтар Әблязовтың жазбасына қатысты пікір білдірді. Экс-банкирдің жазбасында компаниялар тобының басты акционері Болат Өтемұратов пен ағылшын сотындағы БТА банкінің ісі туралы айтылған.

"Бастапқыда бұл талап 2015 жылы "БТА Банкі" АҚ Мұхтар Әблязов пен Ильяс Храпуновқа қойылған. Жауапкерлердің тізімі кеңейтілгеннен кейін Болат Өтемұратов және оның кәсіпкерлік құрылымына кіретін бірқатар адамдар 2020 жылдың қарашасында жауапкерлер қатарына енгізілді. Осы талапты қоюға "БТА Банкі" АҚ және оның заңгерлері ұсынған жалған құжаттар негіз болды. Жуық арада талап бойынша шағым түсіріледі", - делінген "Верный Капиталдың" мәлімдемесінде.

Компанияның айтуынша, қазіргі уақытта Болат Өтемұратов Нұр-Сұлтанда және жұмысын қоғамдық қызметке бағыттай отырып жалғастыруда.

Еске сала кетсек, "БТА банктің" бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, "БТА Банкі" АҚ-ның директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Айта кетейік, бұған дейін біз БТА Банкінің қаражатын Әблязов қайда жұмсағанын жазған едік. Тергеу нәтижелері бойынша Мұхтар Әблязов БТА банктің ақшасына сатып алды делінген ұшақтар қайда кеткені белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887144-vernyj-kapital-bolat-temratovty-kamalgany-turaly-akparatty-zokka-sygardy/