Назарбаев: Мен тіпті туыстарыма да қатал болдым

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Елбасының баспасөз хатшысы өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Портреттің штрихтары" деректі фильмінің бірінші сериясының трейлерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айдос Үкібайдың айтуынша, ертең "Хабар" телеарнасының эфирінде сағат 21:40-та "Портреттің штрихтары" деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы болмақ.

"Бір адамға сенім артқанда 100 пайыз оған жақындайсың, ал ол болса сенің арқаңнан таспен ұрады. Бұл - өте жиіркенішті. Сатқындықты ешқашан кешірмеймін... Мен тіпті туыстарыма да қатал болдым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев фильмнің үзіндісінде.

Еске сала кетсек, бірінші желтоқсанда "Хабар" арнасынан Елбасының өмірі мен қызметіне арналған "Портреттің штрихтары" көпсериялы деректі фильмінің премьерасы өтеді.

Елбасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Портреттің штрихтары" фильмінің бірінші бөлімі эфирге 1 желтоқсан сағат 21:40-та шығады. Көпсериялы фильм "Хабар" арнасынан көрсетіледі.

Көпшілікке жария етілген үзіндіде Нұрсұлтан Әбішұлы өз уайымымен бөліскен.

"Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін, саған да. Бұл азап кетпейді. Ауырған соң мен сонда әдейі бардым. Менің өмірімде бәрі басқаша болуы мүмкін еді", - дейді Елбасы жарияланған кадрларда.

Фильмнің режиссері журналист Айгүл Әділова болған. Картина Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен түсірілген.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барып, әртістермен бірге Ақан серінің "Қара Торғай" әнін орындаған болатын.

Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887218-nazarbaev-men-tipti-tuystaryma-da-katal-boldym/