Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылады

Опубликовано:

Шекара бекеті
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2021 жылдың 1 наурызына дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы "Қарқыра-автожол" – "Кеген-автожол" бақылау-өткізу бекеті уақытша жабылады.

Яғни жеке тұлғалар мен көліктер қозғалысына тыйым салынады. Бұл күн райының қолайсыздығы мен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қолға алынып отырған шара, деп хабарлайды Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі.

Еске салсақ, Қазақстан коронавируспен күресу үшін Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберген болатын.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес, бұл көмек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және үкіметтің 13 қарашадағы №763 қаулысына сәйкес берілген.

Оған қоса, Қырғызстанда мемлекет басшысы қызметіне 63 адам кандидат болып отыр.

3 желтоқсанға дейін ҚР президенті қызметіне үміткерлер өзін қолдайтын 30 мың азаматтың қолын жинап, сайлау кепіліне млн сом өткізуі керек.

Айта кеткен жөн, Қырғызстанда Конституция кеңесінің мүшесі Садирдин Торалиев кеңестің 26 қараша күнгі отырысында Конституциядан "орыс тілі – ресми тіл" деген норманы алып тастауды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887299-kazak-kyrgyz-sekarasyndagy-keden-beketi-zabylady/

pixel