Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрғымбаевты әшкерелейтін хабарлама жариялаймын": ІІМ пікір білдірді

Опубликовано:

Полиция1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Мессенджерлерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама таратылуда. Мәтін авторы ІІМ вице-министрі болып тағайындалмаса, әшкерелейтін хабарламаны жариялаймын деп жазған деп хабарлайды Stopfake.kz.

Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Хабарламада ІІМ-нің қазіргі қызметкерлері Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген, бірақ олардың бұған еш қатысы жоқ.

Компрамат
Фото: stopfake.kz

"30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С. Варго әлеуметтік желілерде олардың есімдерін пайаланып, шындыққа жанаспайтын, жала таққан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазды.

Аталған факті бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда", – делінген Ішкі істер министрлігінің ресми хабарламасында.

Еске салсақ, Мақсат Зекенов Семей қаласының полиция басқармасының бастығы қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін облыс әкімі Даниал Ахметов Семей полициясының басшысы қызметінен кететінін хабарлаған болатын.

Оған қоса, Шымкентте жыл басында қару-жарақ алып, әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметкерге қатысты атышулы процесс аяқталды. Әскери бөлім командиріне үкім оқылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887306-iim-trgymbaevty-skerelejtin-habarlamaga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel