Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көшелерді жаңажылдық безендіруге бюджеттен қаржы бөлінбейтін болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: Ақ Жайық

Биыл Атырауда бюджетті үнемдеу мақсатында қала көшелерін жаңажылдық безендіруге ақша бөлінбейді деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, облыс орталығының көшелерін жаңажылдық безендіруге былтырғы әшекей бұйымдар қолданылмақ.

Алайда, демеушілерден ұсыныс түсіп жатса, ешкім қарсы болмайды, дейді ведомство өкілдері.

Басылым мәліметінше, Атырауда жаңажылдық мерекеге бөлінетін қаржы мөлшері жыл өткен сайын азайып келеді. Екі жыл бұрын осы мақсатқа 61 миллион теңге бөлінсе, 2020 жылды қарсы алуға 18 миллион бөлініпті.

Сонымен қатар мерекенің негізгі символы– үлкен шыршаның орталық алаңға осымен үшінші жыл қатарынан құрылатыны белгілі болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтауда да қала көшелерін жаңажылдық безендіруге ақша бөлінбегенін жазған болатынбыз.

Сонымен бірге коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандық компаниялар да ұжымдық кеш өткізуден бас тартып отыр. Олар мерекені жақындарымен қарсы алмақ. Ереже бойынша банкеттерге тек 50 адам қатыса алатын болғандықтан, ірі компаниялар да ауқымды кеш өткізбейтін болды.

Одан бөлек еліміздің шенеуніктері пандемияға қарамастан, жаңажылдық дайындықты бастап кеткені хабарланған еді.

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметтерге сенсек, бірқатар әкімдік пен мектеп ұжымы шырша мен өзге де безендіру жұмыстарына әлден тапсырыс беріп қойған және бұл мақсатта миллиондап ақша бөлген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887358-atyrauda-kselerdi-zaazyldyk-bezendiruge-budzetten-karzy-blinbejtin-boldy/

pixel