RU

Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Фото
Фото: Хабар 24

Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды. Сондай-ақ ол "Nur Otan" партиясы қатарынан шығарылды деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына, 9-тармағына, "Nur Otan" партиясының 2020 жылғы 30 қарашадағы № SQ-0101-20/4253 хатына және "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның "Nur Otan" партиясының қатарынан шығарылғаны туралы "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын", - делінген тиісті құжат мәтінінде.

Қаулыға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина 30 қараша күні қол қойған.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 12 ақпанында Нұржан Әлтаев мәжіліс депутаты болып сайланған болатын.

Cонымен қатар Нұржан Әлтаев қазақстандықтарға 42 500 теңге көлеміндегі төлемді тек карантин кезінде ғана емес, тұрақты түрде төлеп отыруды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887371-nrzan-ltaevty-deputattyk-kilettigi-toktatylyp-nr-otannan-sygaryldy/