Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сары аймаққа өттік": ШҚО әкімі өңірде коронавирустың таралуы бәсеңдегенін мәлімдеді

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жергілікті тұрғындардың арқасында өңір коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан "сары" "аймаққа кіргенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Даниал Ахметов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының жоғары жауапкершілігінің арқасында өңірде COVID-19 инфекциясының таралу деңгейі төмендеген.

Бүгінде аймақта коронавирустың көбею коэффициенті бәсеңдеді, дейді өңір басшысы.

Даниал Ахметов қарашаның басымен салыстырғанда репродуктивті R саны 1,85-тен 0,84-ке дейін, ал төсек қорының қамтылу пайызы 31,1-ден 14,5-ке дейін төмендегенін де жеткізді. Вирус жұқтырғандар саны 7 қарашада 353 адам болса, 30 қарашада 73 адамды құрағаны белгілі болды.

"Ең бастысы, облысымызда коронавирусты оқшаулау орталығы арқылы вирустың жұқтыру тізбегін бақылау және тосқауыл қою жүйесі құрылды. 1 қарашадан бастап 584 медэпид топтар инфекцияның 3,5 мың ошағында байланыста болған 21 618 адаммен жұмыс жүргізді.

Сондай-ақ, COVID-19 дертін уақтылы анықтап, емдеу үшін қолданыстағы 13 ПТР-зертханасына жергілікті бюджет есебінен қосымша алтауын қостық. Алдағы күндері тағы біреуі ашылады. Пандемия басталғалы бері ШҚО-да 355 мың тест өткізілді, оның ішінде тек қарашада 101 095 мың зерттеу жүргізілді. Бұл ел бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі", - деді ол.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі мониторингтік топтар да тиімді жұмыс атқарғанын атап өтті.

Даниал Ахметовтың айтуынша, 1 қарашадан бастап 166 топпен 1906 рейд жүргізілген, 4426 нысан тексеріліп, оның 1055-інде бұзушылықтар анықталған. 48 млн теңгеге 735 айыппұл салыныпты.

Ол дәрігерлер тұрақты негізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу схемасын өзектендіру жұмысын жүргізіп жатқанын жеткізді. 12 қарашадан бастап науқастардың келісімімен облыстың ауруханаларында "Фавипиравир" препараты қолданылып жатыр екен.

Нәтижесі жақсы, сырқаттан сауыққан азаматтар саны артты, дейді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар донорлардың көмегімен жиналған 3200 иммундық плазма да белсенді түрде қолданылып жатқаны анықталды.

"Осы және басқа да шаралардың арқасында біз коронавирустың "сары аймағына" кірдік. Бұл қолданыстағы шектеулерге бірқатар жеңілдіктер енгізуге мүмкіндік береді. Алайда індеттен әзірге вакцина жоқ, сондықтан коронавирустан ең сенімді қорғаныс – сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық болып қала бермек.

Біздің қазіргі басты міндетіміз - сырқаттың өсуіне жол бермеу, емдеу мекемелерінің тиімділігін арттыру және халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Өзіңіз бен жақыныңызға қорған болыңыз!" , - деп сөзін қорытындылады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 770 адам тіркелген. Қазіргі уақытта ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 133 118-ге жетті.

Одан бөлек, қазақстандық белгілі астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887389-sary-ajmakka-ttik-sko-kimi-irde-koronavirusty-taralu-degeji-bsedeginin-mlimdedi/

pixel