Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев: Егер менің зауытым болса, мен әкім болып жұмыс істемес едім

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев сөйлеп отыр1
Фото: NUR.KZ

Жамбыл облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте өзінің жиектас шығаратын зауыты бар екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев бұл сұрақты оған 15 жылдан бері қойып келе жатқанын айтты.

"Маған шамамен 15 жыл бойы қойылған сұрақ. Мұның бәрі Шығыс Қазақстанда басталды және Жамбыл облысында жалғасып жатыр. Менде ешқандай зауыт жоқ. Егер менің зауытым болса, мен әкім болып жұмыс істемес едім", – деді Сапарбаев.

Әкімнің айтуынша, жол жиегіндегі жиектастарды ауыстырудың белгіленген нормасы бар. Мысалы, жол немесе көше салынып жатқан кезде бордюрлер бар ма, жоқ па, олардың қандай жағдайда тұрғанын қарау керек. Осыдан кейін ғана оларды орнату немесе ауыстыру туралы шешім қабылданады.

"Мысалы, Таразда кейбір мердігерлер жақсы сақталған жиектастарды ауыстырды. Біз бұл үшін оларды жазаладық. Жақсы жиектастарды қайта пайдалануға болады. Сондықтан, мен мұнда тағы бәріне үндеу жасағым келеді. Тексерсеңіздер де болады, мархабат. Менде ешқандай зауыт жоқ", – деп сөзін түйіндеді аймақ басшысы.

Еске салсақ, Жамбыл облысы әкімі әкімдік сатып алған қызметтер тізімінде көрсетілген 20 миллион теңгеге чартерлік рейс туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бердібек Сапарбаев ұшақ оған жалға берілмегенін мәлімдеген болатын.

Оған қоса, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Exclusive" бағдарламасының кезекті қонағы болып, сұхбат барысында жас әкімдерге кеңес беріп, өзінің меншігінде не бар екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887471-saparbaev-eger-meni-zauytym-bolsa-men-kim-bolyp-zmys-istemes-edim/

pixel