Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ұлыбритания соты Өтемұратовтың 5 млрд доллар активін бұғаттап тастады

Опубликовано:

Болат Өтемұратов
Болат Өтемұратов. Фото: instagram.com/official.bulatutemuratov

Ұлыбританияның азаматтық соты Қазақстандағы ең бай адамдарға қатысты сот ісінде 5 миллиард долларлық активтерді, оның ішінде қонақүйлердегі үлестерді, банктегі есепшоттардағы ақшаны және Burger King франчайзингін бұғаттады деп хабарлайды америкалық The Wall Street Journal бизнес-басылымы.

Басылым жазғандай, бұл БТА Банкіне қатысты үлкен сот процесінің бөлігі болып табылатын азаматтық сот ісі. 2012 жылы Ұлыбритания соты банктің пайдасына шешім шығарып, банктің экс-төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның күйеу баласы Ілияс Храпуновты кінәлі деп тапты. Содан кейін Әблязов Ұлыбританиядан Францияға кетті. Әблязов пен Храпуновтың адвокаттары олардың клиенттері барлық айыптарды мойындамайтынын айтты.

Енді Ұлыбританияның судьясы Нил Калвер БТА Банкіне қарсы жаңа айыптаулар негізінде активтерді бұғаттау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

"Банк өкілдері қаржыгер, Қазақстан үкіметінің бұрынғы кеңесшісі және Халықаралық теннис федерациясының басқарма мүшесі Болат Өтемұратов банктен ұрланған ақшаны жасыруға көмектесіп, басқа 11 жеке тұлғамен және компаниялармен қызметтес болғанын айтты", – деп жазады мақала авторы сот құжаттарына сілтеме жасап.

Болат Өтемұратовтың баспасөз хатшысы Ольга Абдрахманова Wall Street Journal-ға тағылған айыптарды ресми түрде жоққа шығарды.

"Сот ісі БТА Банкі мен оның адвокаттары ұсынған жалған құжаттарға негізделді. Жақын арада біз бұл шешімге шағымданамыз", – деп келтіреді басылым Әбдірахманованың сөзін.

Өтемұратовтың өкілдері әзірге қосымша түсініктеме беруден бас тартты.

Еске салсақ, "Верный Капитал" компаниялар тобы ағылшын сотындағы БТА банктің ісі бойынша мәлімдемесін жариялады. Жазба компанияның Facebook парақшасында жарық көрді.

Еске сала кетсек, "БТА банктің" бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887494-bak-lybritania-soty-temratovty-5-milliard-dollar-aktivterin-katyryp-tastady/

pixel