Мемлекет басшысы Сыртқы істер министріне бірқатар нақты тапсырма берді
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрлігінің осы жылдың басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары, соның ішінде, өзге елдермен екіжақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық ұйымдар аясында өткізілген халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар кездесу барысында президенттің қатысуымен алдағы уақытта өтетін сыртқы саяси іс-шаралар кестесі пысықталып, өңірлік күн тәртібіндегі мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Сыртқы істер министріне еліміздің стратегиялық әріптестерімен екіжақты іс-қимылдарды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетейік, бүгін президент бейне конференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.
Саммитке Қасым-Жормат Тоқаевпен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.
Жиын барысында Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы коронавируспен күресте Қырғызстанға қолдау көрсеткен мемлекеттерге ризашылығын білдірді. Олардың арасында Қазақстан да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887526-memleket-bassysy-syrtky-ister-ministrine-birkatar-nakty-tapsyrma-berdi/