Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы: Абылай ханның арманын орындап жатырмыз

Опубликовано:

Фото
Фото: Elbay.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқы қазіргі таңда Абылай ханның үш арманын орындап жатқанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан Ұлттық Арнасындағы "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде айтты.

Елбасының сөзінше, Түркістанды көтеру – біздің халқымыз үшін қасиетті мәселе және парызымыз.

"Бұл біздің көне, тарихы тереңде жатқан қаламыздың бірі. Басқа елге барсаң, мысалы, Ресейдің Мәскеуден басқа Санкт-Петербургы бар. Түркияның Анкарадан басқа Стамбулы бар. Бізде Алматымыз да бар. Енді барып келетін Түркістанымыз да бар деп отырмыз. Сөйтіп-сөйтіп, ел өркендейді, жер өркендейді.

Екінші жағынан, Абылай ханның арманын орындап жатырмыз. Қала сала алмадым деп кетті. Қазақты жерге жұмыс істеп үйретпедім деп кетті. Басын қоса алмадым деп үш арманымен өмірден өткен. Қала салу – сол ата-бабамыздың арманын орындаумен бірдей. Тәуелсіздігіміз де солай", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатар алдында Қасым-Жомарт Тоқаевпен тілдескенін еске алған еді.

Сонымен қатар, Елбасы астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887540-elbasy-abylaj-hanny-armanyn-oryndap-zatyrmyz/

pixel