RU

Джо Байден: Жыл соңына дейін тағы 250 мың америкалық қайтыс болуы мүмкін

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Frederick M. Brown/Getty Images

Джо Байден коронавирустың жаңа түрінен жыл соңына дейін тағы 250 мың америкалықтың қайтыс болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Fox News.

Коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген Джо Байден мереке кезінде америкалықтардың саяхаттамауларын өтінді.

"Рождество анағұрлым қиын болады. Мен мұнда ешкімді қорқытқым келмейді. Бірақ қазіргі сәттен қаңтарға дейін тағы 250 000 адамнан айырылуымыз мүмкін. Осы фактіні түсініңіздер. Мені естисіздер ме? Өйткені адамдар мән бермейді", - деді Байден.

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры, дәрігер Роберт Редфилд қыс айлары елде пандемия басталғалы бері ең қатерлі кезең болуы мүмкін екенін ескертті.

"Желтоқсан, қаңтар және ақпанда ауыр кезең болады. Мен осы елдің қоғамдық денсаулық сақтау тарихында бұл ең ауыр кезең болады деп есептеймін. Қазір бұл вирустан күніне 1500-ден 2000-2500 адамға дейін қайтыс болып жатыр. Өкінішке қарай, мен расымен де ақпанға дейін 450 000 өлім жағдайына жақындаймыз деп ойлаймын", - деді Редфилд.

Джонс Хопкинс атындағы университеттің коронавирус бойынша деректеріне сүйенсек, пандемия басталғалы бері 273 мың америкалық коронавирустан қайтыс болған. Сонымен бірге АҚШ-та 13 915 286 вирус жұқтыру дерегі тіркелген.

Еске сала кетейік, жақында ғана итімен ойнап жүрген Джо Байден аяғын сындырып алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887566-dzo-bajden-zyl-soyna-dejin-tagy-250-my-amerikalyk-kajtys-boluy-mmkin/