Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат ел президентіне жаңа өкілеттік беретін заң қабылдады

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Палатаның жалпы отырысында сенаторлар ел президентіне жаңа өкілеттіктер беретін "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заң жобасын қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сенатор Нұрлан Бекназаров заң жобасында облыстық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру құзыретін анықтайтын түзетулер енгізілгенін айтты.

Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Заң жобасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына келесі түзетулер енгізеді:

  • қаладағы аудандарды елдімекендердің құрамдас бөліктеріне беру;
  • 400 мыңнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;
  • аудандық маңызы бар қала, кент және ауыл критерийлерін нақтылау;
  • Қазақстан Республикасы президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды Қазақстан Республикасы үкіметінің ұсынысы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, басқа елді мекендерге айналдыру туралы шешім қабылдауға өкілеттік беру.

Сонымен бірге үкіметке Қазақстан Республикасының президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру туралы ұсыныстар енгізу құзыреті беріледі.

Облыстық әкімдіктерге Қазақстан Республикасының үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру туралы ұсыныстар енгізу жөніндегі жаңа өкілеттіктер беріледі.

Еске сала кетсек, парламент сенатының жалпы отырысында сенаторлар Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне Сәкен Абдолла мен Мәдениет Омарбекованың кандидатураларын мақұлдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887607-senat-el-prezidentine-zaa-kilettik-beretin-za-kabyldady/

pixel